Қор нарығында доллар арзандады
Қор нарығында доллар арзандады
© pixabay
222
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10 тиынға арзандады. 1 доллар 432,69 теңге болды. Ұлттық банктің 18 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432,79 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434,53 теңге, сатып алу – 438,72 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434,02 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 436,66 теңге.