Ұлыбритания Путинді әскери қылмысы үшін соттауды қолдайды – Трасс

Ұлыбритания Путинді әскери қылмысы үшін соттауды қолдайды – Трасс

Ұлыбритания Ресей президенті Владимир Путин мен басқа да ресейлік көшбасшыларға Украинадағы соғысқа қатысты халықаралық қылмыстық трибунал құру ісін талқылауға дайын. Бұл туралы Ұлыбритания СІМ басшысы Лиз Трасс Times Radio-ға берген сұхбатында айтты, – деп жазады The Guardian.

"Украинада болған жантүршігерлік әскери қылмыстарға кінәлі Путин мен басқа да тұлғалар жауапқа тартылуы тиіс деп ойлаймыз. Біз халықаралық қылмыстық сотпен тығыз қарым-қатынастамыз", – деді Трасс.
Сондай-ақ Трасс Ұлыбритания Украинаға қылмыстың дәлелі ретінде деректер жинау үшін сарапшылар жібергенін еске салды.