Түркістандық 500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алған
Түркістандық 500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алған
186
оқылды
Түркістан облысында 500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді. Қазір сертификаттарды құзырлы органдар тексеру үстінде. Түркістан облысында ұстаздардың санатын көтеруге арналған сертификаттардың сатылатыны жайында әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын. Аталған фактінің орын алғанын облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы растады.
«Өкінішке қарай, сондай фактілер анықталды. Біз барынша ашықтық саясатын ұстанып отырыз. Әлеуметтік желіде болып жатқан мәселелерді жіті қадағалаймыз. Ресми түрде құзыретті органдарға тергеу амалдарын жүргізу үшін сол сертификаттардың барлығын жолдадық. Қазіргі таңда біз құзырлы органдар анық-қанығын айтып береді деп үміттеніп отырмыз. Ондай адамдардың жалған диплом, жалған сертификаттармен білім ошақтарында жұмыс істеуіне моралдық құқығы жоқ деп есептеймін», – деді Дінислам Болатханұлы.