"Қазақстан темір жолы" ғимаратына белгісіз біреу жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған
"Қазақстан темір жолы" ғимаратына белгісіз біреу жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған
355
оқылды
Елордадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына жарылғыш зат бар деген хабар келіп түскен. Бұл туралы аталған ведомствоның БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді.
«Қазақстан темір жолының ғимаратына жарылғыш зат қойылған деген жасырын хабар келіп түсті. Ол туралы құзырлы органдарға хабарланды. Сондай-ақ, ғимарат ішіндегі қызметкерлер жедел эвакуацияланды»,- дейді Қайсар Жұмабайұлы.