Жамбыл облысында қарақшылық шабуыл жасаған бір топ адам ұсталды. Полицияға Мойынқұм ауданының 82 жастағы тұрғыны шағымданған. Ер адам ағымдағы жылдың 12 мамырынан 13 мамырына қараған түні бетперде киген екі белгісіз тұлға жасырын түрде жазғы ас үйге кіріп, жалғыз өзі ұйықтап жатқан кезде күш қолданып, шабуыл жасап, жастығының астынан 5 000 000 теңгесін ашық түрде алып кеткені туралы хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 1977, 1984, 1987, 1985 жылы туылған төрт ер адам анықталды. Полция мәліметінше, ұсталғандар 2022 жылдың 13 мамырына қараған түні алдын ала келісім бойынша Мойынқұм ауданына қылмыс жасау үшін келген. Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі жәбірленушінің туысы және одан бірнеше рет қарызға ақша сұраған екен.
Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмысқа қатысқан төртінші бұзақының орналасқан жері анықталады.