Шымкентте жол апатынан 1 адам қаза тауып, бес адам зардап шекті
Шымкентте жол апатынан 1 адам қаза тауып, бес адам зардап шекті
© inbusiness.kz
357
оқылды
Шымкентте жаңа туған нәрестені перзентханадан шығарып әкеле жатқан көлік апатқа ұшырады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір әйел есін жимастан қайтыс болған, деп хабарлайды Полиция департаменті. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 17 мамыр күні сағат 21:10 шамасында Республика даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысында Mercedes Benz 200 D және Toyota Land Cruiser 100 VX көліктері соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан Mercedes Benz 200 D көлігінің екі жүргізушісі мен үш жолаушысы, оның ішінде бір әйел түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Артынша ол әйел есін жимастан қайтыс болды. Оқиға орнына Абай аудандық полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы аттанды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.
Жол апатының куәгерінің айтуынша, көліктердің бірінде жаңа туған нәресте болған. Отбасы перзентханадан үйіне қайтып келе жатқан. Сәби басынан жарақат алған, ал анасының иығы сынған, әкесі сұмдық жайттан есеңгіреп қалған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, зардап шеккен үш адамға №1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілгенін хабарлады.