Шымкентте кісі өлтірді деген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды
Шымкентте кісі өлтірді деген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды
Фото: lenta.ru
346
оқылды
Шымкент қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті тергеу изоляторында түнде тамырын кесіп тастады. 1962 жылы туған ер адам биыл наурызда кісі өлтіру ісі бойынша күдікті ретінде ұсталған. Ол 20 сәуірде де өзіне өзі қол жұмсаған. Ол бейнебақылау камераларына түсіп қалмауы үшін көрпе жамылған. Онымен бірге камерада тағы бес-алты адам болған. Жедел жәрдем келгенімен, күдікті жан тапсырған. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті бұрын да кісі өлтіргені үшін сотты болған.