Ақтөбеде есірткі сатқан полицей ұсталды
Ақтөбеде есірткі сатқан полицей ұсталды
Фото: chusovoy.bezformata.com
Ақтөбеде есірткі сатты деген күдікпен полицей қамауға алынды, – деп хабарлайды Astana TV. Ұсталған күдіктінің қалалық полиция бөлімінің қызметкері екені ғана белгілі. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің «есірткі заттарын дайындау, сақтау және сату» және «қызметтік жалғандық жасау» баптары бойынша іс қозғалған. Старшинаның бар мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов: «Полиция старшинасы қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталып,  тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіптік комиссияның шешімімен полиция қызметкері ішкі істер органынан және полиция бөлімінің бастығы атқаратын қызметінен босатылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деді.