Қазақстанда 16 мыңға жуық шетелдік жұмыс істейді
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетелдік жұмыс істейді
Фото: atr.kz
149
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 15 932 шетел азаматы еңбек етеді. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 630 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 154 рұқсат (екінші санат). Елге келіп жұмыс істеп жатқан шетелдік жұмысшының негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 643 және 837 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 343 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 325 адам тартылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 733 жұмыс беруші бар. Оларда 391 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының – 96%-ы. Еңбек мигранттары келетін елдердің көбісі: Қытай – 3 613 адам, Түркия – 1 838 адам, Үндістан – 1 293 адам, Өзбекстан – 1 385 адам, Ұлыбритания – 1 083 адам.