Түркістанда жер дауы ушығып тұр. Бірақ бұл жолы шыққан даудан ұлтараздық алауыздықтың белгілері байқалады. Телеграм арналардың бірінде Түркістандағы өзбектердің «Көршілес ауыл малын өз ауыл маңына жолатпаймыз, қазақтарды кіргізбейміз» деп шуылдасып жатқан бейнежазбасы тарады. Ішінде бір өзбек қазақтарға қарата тіл тигізіп, қатты сөйлеп жатыр. «Видеоны жолдаған Ердәулет есімді оқырманымыздың айтуынша, оқиға Төлеби ауданының Ханарық елді мекенінде болған. Өзбектерді полиция қоршап тұр деген ақпарат бар. Осы уақытта өзбектер тарапы қазақтардан кешірім сұраған деген дерек те жетті» делінген Адырна.кз телеграм арнасы таратқан ақпаратта.
Артынша осы дереккөз «Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы Ханарық ауылының тұрғыны, өзбек ұлтының өкілі қазақтарға байланысты балағат сөзі үшін кешірім сұрады. Расында да дау жайылымдық жерге байланысты шыққаны нақтыланды», – деп жазды.