Қаржы мониторингі агенттігі Семей машина жасау зауытында қазына қаржысын жымқырғандарды анықтады. Зауытта танкіге жаңаның орнына ескі бөлшектерді салған. Агенттіктің ШҚО бойынша аумақтық департаменті «Семей машина жасау зауыты» АҚ басшысының орынбасары 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырғанын анықтады. Тергеуде Семей машина жасау зауыты бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов танкінің жаңа қозғалтқыштарының орнына әдейі 1985-2012 жылдары шыққан бөлшектерді жеткізуге тапсырма бергені әшкере болды. https://youtu.be/-9nDWpRNCVw Қалалық сот үкімімен Сүлейменов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.