Алматы облысында басы жұлынып кеткен 5 жасар қызды туған анасы өлтірген болуы мүмкін, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сарқан қаласындағы қоқыстан бес жастағы қыздың мәйіті табылған еді. Балақайдың денесі кірпіш зауытының қасындағы қоқыстан 17 мамыр күні кешке табылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында баланың кім екені анықталып, оның анасы да ұсталды. Қайтыс болған қыздың анасы 19 жаста болып шықты. Ол қызын 14 жасында 2017 жылы туған. Қызы церебральды сал ауруына шалдыққан, сонымен қатар туа біткен ақыл-ой кемістігі бар.
«Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу жүргізілуде. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Екі күдікті де куәлік беру үшін аудандық полицияға жеткізілді», – деді Алматы облыстық ДП баспасөз қызметі.Ал күдіктілер ақпан айында бала ауырып, кенеттен қайтыс болғанын айтқан. Бұдан соң 19 жастағы әйел мен оның ағасы қызды қала шетіне жасырын жерлеген.