«Астанадан» кекеш келін жайлы телехикаяны тамашалаңыз
«Астанадан» кекеш келін жайлы телехикаяны тамашалаңыз
1,453
оқылды
Қазір көрерменнің үнді телехикаяларына деген ықыласы ерекше. Әсіресе, мағынасы терең, өтірік төбелестер пен қантөгіс жоқ, даңғырлаған музыкасы мен бітпейтін биі аз фильмдер қызығушылық тудырады. Махаббат пен сұлулыққа, ержүректік пен мейірімге толы телехикаялар шытырман оқиғаларға толы келеді. Ізгіліктің түбі зұлымдықты жеңіп, әділдік салтанат құратын фильмдерді көрермен асыға күтеді. Сондай сұранысқа ие телетуындының бірі – «Астана» телеарнасынан көрсетілетін «Кекеш келін» сериалы. Жақында ғана фильмнің жаңа маусымының түсірілімі аяқталды. Үнді сериалдарын жақсы көретін көпшілік сүйікті кейіпкерлерімен қайта қауышпақ. Бүгін көрермен көзайымына айналған танымал телехикаяның жалғасы көрсетіле бастайды.
Телехикая Тхапки есімді қыздың өмірі жайлы. Тхапки – қарапайым отбасында дүниеге келген. Ақылына көркі сай ару болып бой жетеді. Бір басына жететін дарыны да бар. Мақпалдай жұмсақ дауыс иесі. Ән айтқанды ұнатады. Көп үнді қызы сияқты оның да асыл арманы – елге әйгілі әнші болу. Сосын тұрмыс құрып, балалы болу. Бірақ «бір кем дүние» демекші, Тхапкидің бойында бір міні бар. Бала кезден кекештеніп, тұтығып сөйлейді. Бұл кемшілігі әнші қыздың өмірі мен тағдырына әсер етпей қоймайды.
Телехикаяның екінші маусымы да қызыққа толы. Кішігірім сахналарда өнер көрсетіп жүрген Тхапки елдегі танымал әншілердің бірі Вины Девидің көзіне түседі. Кәсіби әнші жас өнерпаздың бойындағы талантын бірден байқайды. Оны өзіне жақын тартады. Тіпті ұлы Пурабпен таныстырады. Екеуін үйлендіріп, тойларын да өткізеді. Бірақ келіннің кекештігін тым кеш байқайды. Алғашқы райынан қайтып, оны үйінен қуып шығуға дейін барады. https://youtu.be/x2z_Ww3Enac
Тхапки өз бақытын таба ма? Аңсаған арманына қалай қол жеткізбек? Танымал телехикаядағы оқиғалар желісінің қалай өрбитінін «Астана» телеарнасынан көріңіздер. Бүгін 21.55-те «Кекеш келін» телехикаясының жаңа маусымы көрерменге жол тартады.