Доллар 1,29 теңгеге арзандады
Доллар 1,29 теңгеге арзандады
© pixabay
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,29 теңгеге түсіп, 1 доллар – 431,41 теңге болды. Ұлттық банктің 19 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432,69 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 430,67 теңге, сатып алу – 435,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 431,30 теңге болса, сатып алу құны – 434,57 теңге.