Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды
Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды
Қостанайда бірден бірнеше көлік өртеніп кетті. Әлеуметтік желіде тұрғындардың жанып жатқан көліктен ер адамды қалай құтқарғаны туралы видео пайда болды. 19 мамырда сағат 02:00 шамасында "102" пультіне Юбилейный ауданында көлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Кейін ВАЗ-2114 автокөлігі жанып жатқан оқиға орнына автопатруль келген. Көлікке жақын маңда патрульге көлік салонында бір адам барын айтқан жас жігіт болған.
"Жанып жатқан көлікке қарай жүгіріп, жүргізуші жағынан есікті аштық. Рөлдегі ер адам ес-түссіз күйде болды. Жүргізуші салоннан шығарылып, қауіпсіз жерге, автобус аялдамасына жеткізілді", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкері Жұманиязов.