Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады
Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады
242
оқылды
"Halyk Bank" жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 19 мамырдан бастап аталған бағдарлама бойынша Halyk Bank-пен қатар "Еуразиялық банк", "Банк Центр Кредит" өтінім қабылдап жатыр. Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге болады. Оның ішінде, Қазақстан өңірлеріндегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 млрд теңге жұмсалмақ. Несие талаптары: – сыйақы мөлшерлемесі 4%; – несие сомасы 10 000 000 теңгеден аспауы керек; – қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды; – бастапқы жарна 0%-дан бастап; – көлік құны 15 000 000 теңгеден аспайды.