Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
333
оқылды
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ыстамбұлда (Түркия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді. 48 келі салмақта финалда Балқыбекова түрік боксшысы Айсе Чагирирмен «алтын» үшін белдесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Чагирирдің пайдасына аяқталды. Еска салсақ, Жайна Шекербекова (52 кг), Дина Жоламан (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (70) 2022 жылғы бокстан Әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері атанған еді.