Сарқан ауданында бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш айдан бері жатқан. Бұл жағдай тергеу барысында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазір полиция қайтыс болған баланың анасы мен туған нағашы ағасынан жауап алу үстінде.
«Екеуінің айтуы бойынша, баланың мүрдесін қоқысқа 2022 жылдың 11 ақпанында апарып тастаған», - деді деді Сарқан ауданы прокурорының орынбасары Еділ Қорғанбаев.Яғни, 2017 жылы туған баланың мүрдесі 3 ай бойы қоқыс алаңында жатқан. Куәгерлер баланың денесін тауып алғанда тек қаңқасы қалғанын айтады. Бұған дейін, Алматы облысында басы жұлынып кеткен 5 жасар қызды туған анасы өлтірген болуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.