Көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған атыраулық бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырауда 15 мамыр күні сағат 21:00-де қаладағы Мечников көпірінде ер адам көлігінен түсіп, қара түсті қоқыс салатын қапты суға лақтырып жіберген. Бұл әрекеті Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалды. https://www.youtube.com/watch?v=5vDDHZazJ6c
"Тәртіп сақшылары аталған азаматты дереу анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлімімен "Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау" әкімшілік хаттама толтырды. 1977 жылғы ер адам қара түсті қоқыс салатын қапқа садақадан шыққан сүйек қалдықтарын салғанын айтты", - дейді Атырау ПБ баспасөз қызметіндегілер.Қала тұрғынына 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.