Әйелін ұратын еркектер – микробтар! – психолог
Әйелін ұратын еркектер – микробтар! – психолог
601
оқылды
Лифтіде жарын көкала қойдай сабаған қазақстандық желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырғаны рас. Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша тергеу шаралары басталғанын мәлімдеді құқық қорғау органдары. Ер адамның іс-әрекетіне бейжай қарай алмаған отбасылық психолог Ержан Мырзабаев видео түсіріп, мынадай ұсыныс жасады:
"Біз қоғам ретінде мұндай адамдарды микроб деп көруіміз керек және біз қалайша микроб бар жерге бармаймыз, микроб бар жерді ұстамаймыз, тура сол сияқты мұндай адамдармен қарым-қатынасты тоқтату керек. Әрі амандаспаймыз, сөйлеспейміз, жұмыс істемейміз, кәсіп жасамаймыз. Егер сіздің көршіңіз, танысыңыз, туысыңыз, әріптесіңіз әйеліне, бала-шағасына қол көтеріп жатса, сіз мұны біліп жүрсеңіз және ешнәрсе болмаған сияқты ойнап, амандасып, араласып жүрсеңіз, сіз сол кісінің зұлымдығына тап болып жатырсыз. Мұны естен шығармаңыз", - деді.
⠀Ол бейнежазбасының астына: «Отбасылық зорлық-зомбылық көрсететіндер - біздің қоғамның микробтары. Ол микробтардан тазаруымыз керек! Құқық қорғау органдары Байметов Елнур және сол сияқтыларға қарсы дереу шара қолданып, қатаң жазаға тартуын талап етемін!», - деп жазған тағы. Психологтың сөзі көпшілік тарапынан қызу қолдау тапқан.
Солардың бірі: «Дұрыс айтасыз, өтініш, осы мәселені қаттырақ көтеріңізші. Бүкіл ел қосылсын. Қазіргі заманда белең алып тұрған өте үлкен мәселе. Неге осындай санасыз еркектер қаптап кетті. Олар оңайшылықпен тәрбиеленбейді. Оларды тек қатаң заң мен өздерінен мықты ер азаматтар ғана орнына қоя алады. Бірақ сол мықты ер азаматтарымыз қайда, осының бәрін естіп-көріп жүрсе де неге үнсіз жүр барі. Бұл мәселеге бүкіл қоғам болып атсалысуымыз керек. Барлық адамдар анадан туды. Сондықтан әйелдерді, аналарды, қыз балаларды қорғауға барлық ер азаматтар міндетті. Ер азаматтарға Алла қара күшті әлсіз әйел баласын қорғау үшін берген, қорлау үшін емес. Ең өкініштісі, еркектер сол Алланың берген күшін әйелдерді қорлауға жұмсап жүр. Ержан мырза, осы мәселені тоқтатпай көтеруіңізді сұраймын», - деп жазды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ержан Мырзабаев | Психолог #1 (@yerzhan.myrzabayev)