Үш күнде сегіз алтын
Үш күнде сегіз алтын
226
оқылды
Қазақстандық оқу­шы­лар Дүниежүзілік гим­назиаданың алғаш­қы 3 күнінде 14 медаль жеңіп алды. – Өткен аптада біз 250-ге жуық оқушымызды әуежайға барып, Францияға шығарып салдық. Олар алғаш рет Дүние­жүзілік гимназиадаға қатысып, әлемнің 70-ке жуық елінен келген құрдас­тарымен бақ сынасып жа­тыр. Жарыстың алғашқы 3 күнінде оқушыларымыз 14 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 8 ал­тын, 3 күміс және 3 қола ме­даль бар. Дзюдо, таэк­вондо және жүзу жарыс­тарына қатысушылар алтын, жеңіл атлеттер мен дзюдо­шылар күміс, сондай-ақ дзю­до­шылар мен таэк­вондошылар қола жүлдегер атанды, – деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Telegram каналында. Министр барлық жеңім­пазды лайықты жеңісімен құттықтай келе «Әр медаль – еңбектің, табандылықтың, еңбекқорлық пен тәртіптің жемісі. Жақсы дайындық деңгейін көрсеткен мұғалім­деріңіз бен жаттықтырушы­ларыңызға, сондай-ақ қол­дау көрсеткен ата-анала­рыңызға алғыс айтамын» деп түйіндеді.