Мәскеу мұрағатындағы құнды деректер

Мәскеу мұрағатындағы құнды деректер

Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Мәскеу қаласында іссапарда болып, ондағы архивтер мен кітапханалардағы Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкелу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен «Архив-2025» кешенді жоспарын іске асыру мақсатында қолға алынған. Орталық директоры Жандос Болдықов бастаған топтың Мәс­кеу сапары Қазақстан тарихына қатысты құнды құжат­тарды іздестіріп, ғылыми айна­лымға енгізуді мақсат етеді. Зерттеушілер еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттар тапқан. Атап айтқанда, Ресей мемлекеттік кітапханасынан ел тарихына қатысты 47 мыңға жуық әдебиет табылса, Ресей мемлекеттік тарихи-көпшілік кітапханасынан ХVII ғасырға тиесілі лито­графия­лық кітаптар мен сирек жазба мұралар анықталған. 4 ғасырлық тарихы бар Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінің қорын зерттеу барысында жер мәселе­сіне қатысты құжаттар, карталар мен бұйрықтар табылды. Ал Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ