Қызылордада суға батып кеткен оқушының денесі табылды
Қызылордада суға батып кеткен оқушының денесі табылды
Фото: ТЖД-нен алынды
254
оқылды
Қызылордада 9-сынып оқушысы суға батып кетті. 19 мамыр сағат 15:28-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Белкөл кентінде каналға 15-16 жастағы ер баланың суға кеткені жөнінде хабар түскен. Суға батқан жасөспірімнің кенттегі №189 мектептің 9-сынып оқушысы екені мәлім болды. «Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов басшылығымен іздестіруге 7 құтқарушы кірісті. Сүңгуірлер мүрдені су астынан іздеді. Сағат 18.28-де жасөспірімнің денесі батқан жерінен 500 метрдей қашықтықта су астынан табылды», – деді құтқарушылар. Бұған дейін 9-сынып оқушысы каналдағы суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.