Алматыда түнде жантүршігерлік жол апатынан жас жігіт қаза тапты – видео  
Алматыда түнде жантүршігерлік жол апатынан жас жігіт қаза тапты – видео  
Фото: Видеодан скриншот
176
оқылды
Алматы қаласында әл-Фараби даңғылында жол апаты болды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. Кеше кешкі сағат 23:45-те Toyota Grаcia көлігінің 2001 жылы туған жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен келе жатып рульге ие бола алмай жол жиегіндегі бетонды соққан. «Кейін Toyota әл-Фараби даңғылының бойымен батыс бағытта бара жатқан, 1994 жылы туған тұрғынның басқаруындағы Chevrolet маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Әрі қарай Toyota жарнама тақтайшасының металл бағанын соққан. Осы апаттың салдарынан Toyota Grаcia көлігінің 2001 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Көліктегі қалған төрт адам, оның ішінде жүргізуші де әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға  жеткізілді», – деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.   https://youtu.be/Zu9PiF8YiyY Оның айтуынша, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.