Жамбыл облысында ер адамды қағып, қашып кеткен көлік жүргізуші ұсталды
Жамбыл облысында ер адамды қағып, қашып кеткен көлік жүргізуші ұсталды
Фото: saratov.aif.ru
172
оқылды
Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті хабарлады. Полицейлер жүргізушіні ізін суытпай ұстады. Кеше сағат 05:30 шамасында Айша бибі – Қаратау көлік жолының үшінші шақырымында жол апаты болды. Белгісіз адам 45 жастағы ер адамды қағып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Жергілікті полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде, Audi-80 көлігінің 28 жастағы жүргізушісі анықталып, ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабы және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады.