Биыл 17 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» №893 жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Жарлықта ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзету енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК департаментінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттарды тастап кетіп қалғанын айтқан болатын.