«Жеңісті күндерде жүздескенше» – Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді
«Жеңісті күндерде жүздескенше» – Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді
Журналист Амангелді Сейітхан Aikyn-Liter командасының ойыншысы болған. Фото 2020 жылы түсірілген.
Ертең Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында қазақ телевизиясының майталманы, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді. Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысады. Саналы ғұмырын журналистикаға арнап, халықтың мұң-мұқтажын қаламмен тербей білген Аман ағамыз былтыр 52 жасында мәңгілік мекенге аттанып кетті. Алайда, футболды өзімен егіз қойған ағамыз өмірінің соңына дейін спортпен айналысты.    width= Амангелді Сейітхан атындағы алғашқы турнир Отбасының ұйымдастыруымен өтеді. Турнир аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған «Жеңісті күндерде жүздескенше» кітабының тұсауы кесіледі.    width= Турнирге қатысатын командалар:
  • Aikyn-Liter (Нұр-Сұлтан қаласы),
  • Dream-team Сейітхан (Алматы қаласы),
  • Effective media Liaison (Алматы қаласы),
  • Абай-ақпарат (Абай облысы),
  • Айтыскерлер құрамасы (Қазақстан Республикасы),
  • Ақмешіт (Қызылорда облысы),
  • Атырау құрамасы (Атырау облысы),
  • КТК (Алматы қаласы),
  • Қазақстан ТВ-Қазақ радиосы (Алматы қаласы),
  • Қарекет (Жетісу облысы),
  • Спорт журналистері (Қазақстан Республикасы),
  • Тұран-Түркістан (Түркістан облысы),
  • Түркістан телеарнасы (Түркістан облысы),
  • Шымкент (Шымкент қаласы),
  • Хабар (Астана қаласы),
  • Экспресс-К (Астана қаласы),