Қазақстандықтар Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі Қаржау Шарғабаевқа қатысты тараған видеоны талқылап жатыр. Видео авторы бұрынғы шенеунікті есірткі жасырып жүрген жерінен ұстап алғанын айтады. Видео «Qumash» Телеграмм-арнасында пайда болды. Видеода Қаржау Шарғабаев есірткіні көрсетіп, оны біреудің өтінішімен алып кетпек болғанын айтады. Айтуынша, таныстары бұл заттың дәрі екенін айтқан. Атырау облысы Полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Кейін экс-әкім Facebook-тегі парақшасында мәлімдеме жасап, өзіне шабуыл жасалғанын айтады. Айтуынша, белгісіз біреулер оны ұрып-соғып, осылай сөйлеуге мәжбүрлеген. Жарақаттанған жерлерін көрсетеді. https://www.youtube.com/watch?v=ASZ8y7-zjwk