«Жауһар жәдігер» көрмесінің ашылу салтанаты өтті
«Жауһар жәдігер» көрмесінің ашылу салтанаты өтті
Бүгін елордадағы NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайында коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Бахаргүл Төлеген – белгілі коллекционер-этнограф, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын «Әдемі-Ай» брендінің негізін қалаушы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Коллекционер 20 жылдан астам уақыт бойы қазақ халқының қолданбалы антикварлық бұйымдарын жинап, көпшілікке танытып жүр. [caption id="attachment_197177" align="alignnone" width="1200"]жәдігер ХІХ ғасырдың жәдігерлері[/caption] «Жауһар жәдігер» көрмесіне мәдени құндылығы аса жоғары, бірнеше ғасырлық тарихы бар 1000-нан астам жәдігерлік бұйым қойылды. Олардың барлығы – Орта Азия мен қазақ халқының сирек кездесетін бағалы қолөнер бұйымдары. Көрмеде б. з. д. III–I ғғ. Кушан патшалығының археологиялық артефактілері және VI–XII ғғ. жататын тарихи құнды дүниелер кездеседі. [caption id="attachment_197170" align="alignnone" width="886"]сәукеле Сәукеле, тақия, шекелік және әшекейлер. ХІХ ғ.[/caption]
«Көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз — ұмыт қалып бара жатқан ата-бабамыздың көне, бай мұрасын жинап, жаңа буынға, жас ұрпаққа таныстыру, аманаттау», – деп атап өтті коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлеген.
Көрмені «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы Бахаргүл Төлегенмен бірлесіп ұйымдастырды. [caption id="attachment_197173" align="alignnone" width="763"]қалыңдық Қалыңдық киімі. Б. Төлеген қызының ұзатуына арнайы тіктірген[/caption] AMANAT партиясы да көрменің ашылуына қолдау көрсетті. Ашылу салтанатына AMANAT партиясы Коммуникация және анализ департаментінің директоры Мұхамеджан Болысбек қатысты. Ол партия атынан көрме ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, ел тарихы үшін көне жәдігерлердің маңызды екенін атап өтті. [caption id="attachment_197174" align="alignnone" width="1200"]Мұхамеджан Болысбек Мұхамеджан Болысбек[/caption]
«Бахаргүл ханымның жұмыстары көпшілікке кеңінен таныс десем артық айтпағаным. Коллекциясында сонау IІІ ғасырдан келе жатқан көне бұйымдар бар екен. Ол көзбен көріп, қолмен ұстайтын тарих. Мұндай көне бұйымдарды, ұлттық өнер нақыштарын зергерлік бұйымдарды насихаттау, дәріптеу өте маңызды. Әсіресе, еліміздің мәдениет саласының дамуына үлкен серпіліс береді деп нық айта аламын. Сондықтан да осы шараны ұйымдастырушыларға және Бахаргүл ханымға шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздің бастамаларыңыз көпшілікке үлгі. Осындай бастамаларымыз тек жалғасын тауып, өзінің нәтижесін бере берсін. Сәттілік тілейміз!» – деп партия атынан  тілегін жеткізді.