Қазақстан мен Пәкістан арасындағы аймақтық сауданы дамытатын жәрмеңке басталды
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы аймақтық сауданы дамытатын жәрмеңке басталды
285
оқылды
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) Пәкістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауданы кеңейтуге жәрдемдесуде және 19-23 мамыр аралығында үшінші Made in Pakistan мамандандырылған жәрмеңкесін Атакент көрме орталығында ұйымдастыруға көмектесті. 19 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының елшісі доктор Саджад Ахмед Сихар мен USAID-тің Орталық Азиядағы экономикалық даму басқармасының директоры Райдер Роджерс жәрменкенің салтанатты ашылуын өткізді. жәрмеңке Өзінің ресми ашылу сөзінде доктор Саджад Ахмед Сихар жәрмеңкеге қатысып жатқан пәкістандық кәсіпорындарды құттықтап, USAID пен Пәкістан және Қазақстан үкіметтерінің үшінші Made in Pakistan жәрмеңкесін ұйымдастырудағы рөлін жоғары бағалады. Ол осы шараның екі ел арасындағы және бүкіл аймақтағы тұрақты сауда қарым-қатынастарын дамытуға оң қадам болғанын айта келе, ұйымдастырушылардың қатысып отырған кәсіпорындарға жедел және қаржылық қолдау көрсетуіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, көрме елдер арасындағы сауда қатынасын дамытып қана қоймай, адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтады. USAID-тің Орталық Азиядағы экономикалық даму басқармасының директоры Райдер Роджерс Пәкістан мен Қазақстан үкіметтері мен елшіліктеріне сауда байланыстарын нығайтуға деген ұмтылысы үшін алғыс айтты. «Өзара тиімді экономикалық сауда – Қазақстан мен Пәкістан халықтарының ортақ гүлденуін қамтамасыз етудің маңызды элементі. Бұл шара тығыз аймақтық ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеудегі маңызды қадам», – деп қорытындылады. жәрмеңке Пәкістаннан барлығы 53 компания көрмеде 60 стенд орнатты, соның ішінде:
  •  Тоқыма өнімдері (үй тоқыма бұйымдарын, сүлгілерді, маталарды және киімдерді қосқанда)
  • Хирургиялық құралдар
  • Спорттық тауарлар (соның ішінде спорттық киім)
  • Құрылыс материалдары (бояулар мен жабындарды қоса алғанда)
  • Қолөнер, тұз және оникс/мәрмәр бұйымдары
  • Азық-түлік өнімдері, соның ішінде кондитерлік өнімдер (күріш, шай, бұршақ, дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер, кептірілген жемістер, тағамдық бояулар, шырындар мен дәмдеуіштер)
  • Тері күтімі және өсімдік препараттар (соның ішінде фармацевтикалық препараттар мен диеталық қоспалар)
  • Былғарыдан жасалған бұйымдар
  • Ас үй ыдыстары, күміс бұйымдар, аңшылық пышақтар және ас құралдары
https://youtu.be/X4FK-MMIgqc Пәкістанның аймақтық экономикалық интеграциясы бойынша USAID бағдарламасы – бұл Пәкістанның сауда секторын дамыту және оның Орталық Азия елдерімен аймақтық интеграциясын арттыруға арналған жеті жылдық бастама.