Доллар тағы 6 теңгеге арзандады
Доллар тағы 6 теңгеге арзандады
© pixabay
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы доллар бағамының 6,04 теңгеге арзандағанын көрсетті. 1 доллар 425,02 теңге болды. Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 431,41 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 426,99 теңге, сатып алу – 431,76 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 426,58 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 429,34 теңге.