Шымкентте белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан ер адам есін жимастан көз жұмды

Шымкентте белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан ер адам есін жимастан көз жұмды

Шымкентте 16 мамыр күні белгісіз біреулер көшеде аяусыз соққыға жыққан ер адам ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды  Отырар Telegram-арнасы.

Арысбек Дәулетбеков қатты соққы салдарынан комаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр болған. Ауруханаға түскен кезде оған бас сүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, қан құйылу диагнозы қойылды. Ер адамның туыстарының айтуынша, полицейлер күдіктілерді ұстағанымен, кейін белгісіз себептермен босатып жіберген. Марқұмның әйелі Әйгерім Дәуітбекова 38 жастағы күйеуін бейтаныс адамдар ұрып, ес-түссіз көшеде қалдырғанын айтады. Бұған дейін журналистерге берген сұхбатында Әйгерім күйеуі екеуі үш бала тәрбиелеп отырғанын, оларға әкесінің ауруханада жатқанын әлі айтпағанын айтқан еді.