Вице-премьер Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты пікір білдірді
Вице-премьер Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты пікір білдірді
фото: stan.kz
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ұлттық музейдің қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты пікір білдірді. 
«Біз бәріміз осы елдің азаматтарымыз ғой. Бұл адам соттың шешімімен ғана кінәлі деп танылады. Тергеу жүргізіліп жатыр, біз оған араласуға құқығымыз жоқ.  Тергеу органдары тергеп жатқан істің мазмұны мен нақты қандай мәселе бойынша іс тергеліп жатқанын мен білмеймін.  Бұл құқық қорғау органдарының айрықша құзыретіне кіреді», – деді Ералы Тоғжанов.
Бұған дейін Ұлттық музей баспасөз хатшысы отадан шыққан Арыстанбек Мұхамедиұлының қазіргі жағдайы қандай екенін айтқан болатын.