Ақтауда көлік ұрлап, полицейлерден қашқан 15 жастағы бала ұсталды
Ақтауда көлік ұрлап, полицейлерден қашқан 15 жастағы бала ұсталды
182
оқылды
19 мамырда Ақтауда кәмелетке толмаған жасөспірім рұқсатсыз ата-анасынан Hyundai Tucson көлігін алып, айдап кеткен, - деп хабарлайды lada.kz. Полицейлер 15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз Hyundai Tucson көлігін тізгіндегенін айтты. Оқиға 19 мамырда кешке 30-шағынауданда болған. 15 жастағы жасөспірім полицейлерден жасырынбақ болып қашқан. Ол Hyundai Tucson көлігін тізгіндеген кезде жол ережесін бірнеше мәрте бұзып, тәртіп сақшылары көлікті тоқтатқан. Рөлде 15 жастағы жасөспірім екен. Полицейлердің мәліметінше, ол мас болмаған.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз көлік кілтін алып кеткені анықталды. Құқықбұзушы кәмелетке толмаған соң, ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы "Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы" және 591-бабы "Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды пайдалануы" бойынша жауап беруіне тура келеді", - деп түсіндірді полицейлер.