WhatsApp мессенджеріндегі топтан байқатпай шығуға болады
WhatsApp мессенджеріндегі топтан байқатпай шығуға болады
WhatsApp мессенджерінде тағы бір функция іске қосылайын деп жатыр. Енді бұл желідегі топтардан басқаларға білдірмей шығып кетуге болатынын хабарлады Zakon.kz. WhatsApp-тағы ортақ чаттардың бірінен шығып кетсек, бұл туралы хабарлама басқалардың бәріне көрініп тұрады. Енді компания бұның да бір амалын ойластырды. Жаңа функцияның арқасында енді кеткеніңіз туралы жария қылмай-ақ, ешкімге білдірмей шығып кетуге болады. «Мессенджердің компьютерге арналған 2.2218.1 бета-нұсқасында бұл функция іске қосылып үлгерген. Топтан шыққаны туралы хабарламаны тек чат әкімшілері ғана біледі», – делінген WABetaInfo порталының берген ақпаратында. WhatsApp мессенджеріндегі бұл жаңа функция қашан қолданысқа енетіні белгісіз. Әуелі жаңа мүмкіндік Android пен iOS базаларында сынақтан өтуі керек. Бұған дейін WhatsApp топтағы тіркелушілер санын 256-дан 512-ге дейін көбейту жоспары бар екенін айтқан еді.