Алматыда жантүршігерлік жол апатыннан ауруханаға түскен 3 адамның бірінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы қалалық орталық Алматы клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. Оның айтуынша, ауруханаға 3 адам келіп түскен, оның біреуінің жағдайы өте ауыр.
«Ауруханаға түндегі әл-Фараби даңғылының бойында орын алған жол апатынан зардап шеккен 3 адам келіп түсті. Оның екеуі нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Олардың миы шайқалған, жағдайы бір қалыпты. Ал бір науқас реанимация бөліміне жатқызылды, оның жаңдайы өте ауыр», – деді нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов.Айта кетейік, 19 мамырда Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апаты болып 2001 жылы туған азамат қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілген болатын.