«Екінші республика» фильмінің тұсаукесері өтті
«Екінші республика» фильмінің тұсаукесері өтті
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлттық арнасы әзірлеген «Екінші республика» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм еліміздегі конституциялық реформалардың мән-мазмұнын ашуға арналған. Таныстырылымда фильм авторы Жалғас Сәдібекұлы «Екінші республика» ұғымының мағынасын алғашқыда бәрі бірдей түсіне қойған жоқ. Конституциялық реформалар біздің қоғамымызға үлкен өзгерістер әкеледі. Біздің мақсатымыз қарапайым сөзбен көрерменге Консти­туцияның өзгеруіне байланысты негізгі ұғымдарды жеткізу. Көптеген елдер президенттік билік жүйесін нығайтуға тырысуда. Біз суперпрезиденттік басқару жүйесінен президенттік жүйеге көшеміз. Бұл өзгерістер демократиялық және азаматтық қоғамды дамытуға деген ұмтылыстың көрсеткіші», деді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасылов жергілікті органдардың билігі нығая түсетінін айтты. Оның айтуынша, Президент әкімнің шешімін жоққа шығара алмайды, бұл Үкіметтің қолынан келеді. Президенттің жақын туыстары квазимемлекеттік секторлар мен партияларда жоғары саяси лауазымдарда отырмайды. Маман конституциялық реформалардың өзге қырын да түсіндірді. ЕҰУ ректорының кеңесшісі Ақерке Абылайхан фильмді көргеннен кейінгі алған әсерімен бөлісіп, оның көпшілікке түсінікті етіп түсірілгенін айтты. Әрі деректі фильмді әзірлеген шығармашылық топқа алғыс білдірді. Ал фильм алдағы уақытта Qazaqstan ұлттық арнасынан 29 мамырда көрсетіледі.