Елордада халықаралық хоккей лагері ашылады
Елордада халықаралық хоккей лагері ашылады
«AMANAT» партиясының баспасөз орталығында «Қыздар хоккей академиясы» әлеуметтік жобасы аясында қыздар арасындағы халықаралық хоккей лагерінің ашылуы туралы» баспасөз мәслихаты өтті. Оған еліміздің аз қамтылған отбасыларынан шыққан жас хоккейшілер, БАӘ, Чехия және АҚШ елдерінің өкілдері қатысты. Басқосуда «Қыздар хоккей академиясы» әлеуметтік жобасының негізін қалаушы Бұлбұл Картаңбай БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.    width= – Балалар жылы және «Бақытты балалық шақ», «Жастар Отанға» партиялық жобалары аясында елордада алғаш рет халықаралық хоккей лагері ашылғалы отыр. Қыздар арасындағы хоккей лагерінің мақсаты – қыздар мен жасөспірімдер арасында хоккей спортын насихаттау. Қазақстанның жас спортшыларына тек біздің елде ғана емес, шет елдерде де үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беру. Шет елдердің танымал жаттықтырушыларымен және спорт менеджерлерімен байланыс орнату, сондай-ақ отандық қыздар хоккейін халықаралық деңгейде насихаттау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, - деп атап өтті Бұлбұл Қартаңбай. Спортшы сонымен қатар елімізде мұндай лагерьдің ашылуы отандық хоккейшілердің шетелдік спортшылармен бірге жаттығуына, тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік сыйлайтынын жеткізді. Кездесу соңында лагердің тәрбиеленушілері алғысхатпен марапатталды.