ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырды. Telegraph-қа сілтеме жасап Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, кездесуде жаңа аурудың таралуы мен оған қарсы вакцинация мәселелері талқыланады. Іс-шараға ДДСҰ-ның Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан қатысады. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалаған еді. Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл - 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейін созылады. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады. Айта кетейік, маймыл шешегі Ұлыбритания, Австралия, Италия, Швеция, Испания, АҚШ, Португалия және Германия елдерінде тіркелді.