Министр Қытайға бармай-ақ қоюға кеңес берді
Министр Қытайға бармай-ақ қоюға кеңес берді
Фото: Интернеттен алынды
5,186
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирус тараған Қытайға бармауға кеңес берді, – деп жазады «ҚазАқпарат».
«Мен біздің азаматтарымызға Қытайға, сондай-ақ коронавирус жұқтырған науқастар тіркелген әлемнің 23 еліне бармай-ақ қоюға кеңес беремін. Жалпы, біз осы кезеңде қажетсіз халықаралық сапарларды шектеуді ұсынамыз», – деді Елжан Біртанов.
Сонымен қатар ол жиында Қазақстан аумағында жүргізіліп жатқан барлық сақтық шаралары ДДСҰ талаптарына толықтай сәйкес келетінін де айтып өтті. «Біріншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирус инфекциясының елге еніп, тарауына жол бермес үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Үкімет жанынан ведомствоаралық штаб құрылды», – деді Елжан Біртанов.