Өткен тәулікте республика бойынша тек үш адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Дәлірек айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында бір адам, Алматы қаласында екі адам індетке шалдыққан.
Жалпы елімізде пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 686 қазақстандыққа жетті.
21 мамырдағы мәлімет бойынша, 141 адам коронавирус инфекциясынан (–87+ және 54 КВИ-) емделіп жатыр. Соның ішінде 49 пациент стационарда, 92 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 7 науқастың жағдайы ауыр, ал екі пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Бүгінде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 497 035 адам, 2-ші компонентін 9 269 636 адам салдырды.