Елордалық "Астана Ветсервис" иттерді аулау қызметіне қатысты тағы бір шу шықты. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны компания қызметкерлері "чау-чау" тұқымды итін ұстап алып, оны изоляторға апаратын жолда сатып жіберген деген ойда. Ал иесіне иттің өліп қалғандығын хабарлаған, бірақ ер адам бұған сенбейді.
Астаналық Назар Винниктің айтуынша, 11 мамырда оның тұқымы бөлек иті тұрғын үйдің аумағынан шығып, қақпаның жанында жүрген. Жақын жерде "Астана Ветсервис" коммуналдық компаниясының қызметкерлері жұмыс істеп жатқан. Белгілі бір уақытта иесі итін іздегенде, оны компания мамандарының ұстап алып, белгісіз бағытқа кетіп бара жатқандығын көреді. Бұл дерек бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.
"Итім ерекше тұқымды еді және оның орны отбасым үшін де бөлек болатын. біз оны жақсы көретінбіз әрі қымбат бағаға сатып алғанбыз. Ит дені сау және онда ешқандай ауру белгілері жоқ", - деді Назар Винник.Ит жоғалғаннан кейін отбасы бірден итті іздей бастады. Олар, тіпті учаскелік полиция қызметкерінің көмегіне жүгінді. Құқық қорғау органдарымен бірге олар итті аулау дерегін анықтады.
"2022 жылғы 11 мамырда алғаш рет телефон арқылы хабарласқан кезімізде ұйым ит аулау фактісін жоққа шығарды. Алайда, ұйымға ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап жазбаша өтініш беріп, бейнежазба ұсынғаннан кейін иттің қабылдану дерегін қаңғыбас және қараусыз жануарларды аулау бойынша жұмыс жүргізетін Алмас есімді жауапты қызметкер растады.Иттерді беру жөніндегі ұйымға бірнеше рет жүгінуіміз нәтижесінде жауапты қызметкер Алмас қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен бекітілген қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұза отырып, итті иесіне берген жоқ", – деп хабарлады Назар Винник.
"Жауапты қызметкер изолятордан итті іздеу және ұстап беру бойынша шаралар қабылдаған жоқ. Содан кейін, 2022 жылғы 16 мамырда ұйым директорының орынбасары Шукубаев Жанабай Өмірзақұлына итті беруді талап етсек те өтінішіміз ескерілетін емес", – деді ол."Астана Ветсервис" директорының орынбасары үй жануарларын табуға уәде берді, бірақ оның уәделері бос әңгіме сияқты. Иттің иелері ұйым директорының өзіне шыға алмалы, ол үнемі орнында емес. Тек келесі күні олар онымен сөйлесуге қол жеткізді. Бұл күні де иттің оқшаулағышқа жеткізілмегені белгілі болды.
"2022 жылдың 17 мамырында ұйым директорына жолдаған өтінішімнің нәтижесінде иттің уақытша ұстау изоляторларында жоқ екені анықталды. Демек, ит изоляторға келгенге дейін жоғалып кетті. Директор жоғалған итті іздеуге және қызметтік тергеу жүргізуге ауызша уәде берді. Алайда, қызметтік тергеу жүргізілген жоқ және 18 мамырда бізге иттің өліп қалғаны туралы хабарланды", – деді үй жануарларының иесі.Назар Винник "Астана Ветсервисте" ит сату фактісін жасырды деп санайды. Оған күмән жоқ, өйткені иттің тұқымы бөлек, бағасы да қымбат. Айта кету керек, ер адам компанияның табалдырығын күніне 2-3 рет аттайды. Алайда, "Астана Ветсервис" жағдайды түсінуге және үй жануарын табуға еш әрекет етпейді. Отбасы үмітін үзіп, Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне шағымданды. Иттің иелері "Астана Ветсервиске" қатысты қызметтік тергеу жүргізуді, жануарды оқшаулағышта тіркеу деректерін ұсынуды және үй жануарының жоғалуына немесе өліміне әкеп соққан әрекетсіздігі үшін компанияның лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды сұрайды. Ал "Астана Ветсервис" жағдайды түсіндіруден бас тартып жатыр.
"Сіз сапаны бақылау басқармасына ресми түрде хабарласуыңыз керек. Бұл біздің басшылығымыз, біз бағынышты ұйымбыз. Біз барлық ақпаратты солар арқылы ғана береміз. Сіз ол жерге жазбаша түрде жүгінесіз. Шағымды тіркеңіз, біз сізге ресми түрде жауап береміз. Мен өз басшылығымның келісімінсіз бұқаралық ақпарат құралдарына жауап бере алмаймын. Олар сізге ресми түрде айтады", - деді "Астана Ветсервис " директоры Асқар Әуелбек.Aл қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жақын арада нақты жауап беруге уәде берді. Айта кетейік," Астана Ветсервис" компаниясының шудың ортасында қалуы бірінші рет емес. 2020 жылдың қыркүйегінде төрт итті қинап, қорлағаны туралы мәлім болған. Жануарлардың бірі қатты қансырап, өліп қалған болатын. Сол тұста полиция қылмыстық іс қозғап, біраз уақыттан кейін "Астана Ветсервис" директоры жұмыстан шеттетілді.