Антикор атын жамылып Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен ер адам ұсталды
Антикор атын жамылып Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен ер адам ұсталды
191
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор өкілі ретінде таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінен жер учаскесін беруді талап еткен күдіктіні ұстады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері деп таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримовты ұстады»,  - делінген хабарламада.
Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Каримов бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.