Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті
Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті
435
оқылды
 Алматыда белгілі спорт журналисі, жылға жуық уақыт бұрын өмірден өткен Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында  алғашқы республикалық турнир өтті. Жарыс алдында  Қазақ спорт және туризм академиясында Амангелді Сейітқанов атындағы студия ашылды.  width= Доп додасына еліміздің сегіз өңірінен 16 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатының алдында жақында ғана баспаадан шыққан «Жеңісті күндерде жүздескенше» жинағының тұсауы кесілді. Сайыпқыран спорт журналисттің көзі тірісінде жазған дүниелдері мен артында қалған аға-інілері отбасы мүшелерінің естеліктері топтастырылған жинақтың тұсауын марқұмның журналистикадағы ұстазы, Рабатр Жәнібеков,  Рақымғали Құл-Мұхаммед, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, «Хабар»  агенттігі басқарма төрағасы Берік Уәлилер кесті.  width= Турнир нәтижесінде күні бойы көгілдір алаңда бақ сынаған БАҚ өкілдері арасынан Талдықорғаннан келген «Қарекет» командасы бірінші орынды қанжығасына байлап кетті. Екінші орын КТК телеарнасының командасына бұйырса, үздік үштікті «Экспресс К» ақпараттық порталының жігіттері түйіндеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталған турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады.