Жаңбыр суының шайып кетуіне байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 382-410 шақырымы жабылды. Тұрғындарға 112 номерінен «Алматы-Өскемен тас жолының 382-410 шақырымы жабық. Көпір шайылған, жол жабық» деген хабарлама жолданды.
«Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 393-395 шақырымын қатты жауған жауын суы шайып кетті. Апаттық жағдай болған жерде 4 жүк көлігі тұр. Жүргізушілермен байланыс орнатылған, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Оқиға орнында тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр. Аппаттың салдарын жоюға техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылған. Матай-Лепсі арқылы айналма жолмен жүруге болады. Зардап шеккендер жоқ», - делінген Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.