Дәрілік шөптің тамырын қазып жүрген 23 өзбекстандық азамат ұсталды
Дәрілік шөптің тамырын қазып жүрген 23 өзбекстандық азамат ұсталды
Фото: ПД-нен алынды
245
оқылды
Түркістан облысында дәрілік шөптің тамырын қазып жүрген 23 Өзбекстан азаматы ұсталды. Полицейлер Арыс ауданынан далада емдік қасиеті бар кеуректі (ферула) қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 өзбекстандық азаматты анықтады. Полиция департаментінің мәліметінше, олар далада шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген. «23 азамат ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Жұмыс беруші Қазақстан азаматына 519-бап (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ел заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды», – деді полицейлер.