Мешітте заңсыз уағыз айтқан ер адамға айыппұл салынды
Мешітте заңсыз уағыз айтқан ер адамға айыппұл салынды
Фото: yvision.kz
Мешітте рұқсатсыз діни дәріс өткізген ер адамға айыппұл салынды. Оқиға Ақтөбедегі мешітте болған, – деп жазады Polisia.kz. Былтыр 26 қазанда Ақтөбедегі мешітте ер адам заңсыз миссионерлік қызмет атқарған. Сараптама жүргізілген уақытта YouTube-те діни рәсім өткізген бейнежазбасы анықталған. Бейнежазбада Ақтөбе қаласында мешітте ұстаз ислам дініне қатысты дәріс өткізгені түсірілген. Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 490-бабының 3-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 291 700 теңге айыппұл салынды.