Паспортқа чип не үшін жапсырылады?
Паспортқа чип не үшін жапсырылады?
Фото: optimism.kz
491
оқылды
Бұған дейін әлеуметтік желіде паспортқа жапсырылған чип қызу талқыланған болатын. Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжаттағы чипке қатысты түсінік берді, – деп жазады inform.kz. «Оған Instagram-да тараған видео себеп болды. Видеода паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады. https://youtu.be/O7WshtIiVhM   Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекарадан өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген», – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.