Жеңілдетілген автонесие: 34 адам көлік алды
Жеңілдетілген автонесие: 34 адам көлік алды
Фото: kredit-on.ru
362
оқылды
«Өнеркәсіпті дамыту қорының» мәліметінше, осыған дейін жеңілдетілген автонесие бойынша 34 қазақстандық көлік сатып алды. Бағдарламаның негізгі операторы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры». Бұған дейін оның орнында Қазақстан даму банкі болған. Жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлінді. Несиені «Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық банк», «Халық банк», Forte Bank арқылы рәсімдеуге болады. Соңғы дерек бойынша, ішінде 4 834 жеке тұлға 35,7 млрд теңге кредит алды. Жалпы, 34 көлік сатып алды. Көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының тұрғындары. Қалған өңірден бірен-саран адамның ғана көлік алуға қолы жеткен.