Ақтөбе тұрғыны криптовалюта аламын деп үш миллион теңгесінен айырылды
Ақтөбе тұрғыны криптовалюта аламын деп үш миллион теңгесінен айырылды
Фото: miner-club.ru
Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам интернет арқылы криптовалюта алып, пайдаға кенелмек болған. Polisia.kz-тің дерегінше, наурыз айында интернеттен «криптовалютаға инвестиция салу арқылы тиімді табыс табу» туралы хабарландыруды көріп, көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалған. Телефонның ар жағындағы адам сөйлескен сәтте оған алғашқы жарнаны салу қажеттігін айтады. Әрі қарай олар үнемі хабарласып тұрған, акцияны қалай сатып алу керектігін түсіндіріп, әңгіме Skype мессенджері арқылы жүзеге асырыды. Ер адам еш күдіктенбестен бейтаныс адамға қомақты қаржы аударған. Инвестициядан кіріс аласың деп уәде берген. Ақтөбе тұрғыны алаяқтардың құрбаны болғанын үш млн теңгеден астам қаржысынан айырылған кезде бір-ақ түсінген. Бұл фактіге қатысты ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.